Алматыда зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген

0
353

Жалпы салмағы 6 келі 680 грамм марихуана тәркіленді.


Алматыда зейнеткер немересімен бірге есірткі өсірген

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Әйгерім» ықшам ауданында тұратын 76 жастағы тұрғын немересімен бірге үйінде «канопля» және «марихуана» есірткілерін заңсыз өсірген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Г.есімді әйелдің тұрғылықты жерін жедел-іздестіру барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес 117 бұта табылды және тәркіленді. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі – кептірілмеген марихуана болып шықты. Жалпы салмағы 6 келі 680 грамм.

Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Аяғановтың айтуынша, қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.