Алматыда жабық ғимараттар мен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылды

0
532

Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі.


Алматыда жабық ғимараттар мен қоғамдық көлікте маска тағу ұсынылды

ERNUR.KZ. Елде COVID-19 ауруының өсуін ескере отырып, қосымша шаралар қабылдау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «сары» аймаққа өткендіктен, санитарлық шаралар күшейтіледі.

- науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтан жұмыс істеу түріне ауыстыру;

- вакцинациялануға абсолюттік қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және жүкті әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру;

- жабық мекемелерде, қоғамдық көлікте бетперде кию;

- 10 - нан астам адамның қатысуымен өтетін кеңестерді онлайн-форматқа көшіру ұсынылады.

Айта кетейік, әзірге бетпердені тағу ұсыныс қана.

Еске салайық, 4 шілде күні Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қасымхан Алпысбайұлының коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы жаңа қаулысы шыққан болатын.