Алматыда жаңа көшелер пайда болады

0
633

Бұл көшелер "Нұркент", "Ерменсай", "Нұр Алатау", "Нұрлытау" және "Алатау"ықшам аудандарында орналасқан.


Алматыда жаңа көшелер пайда болады

ERNUR.KZ. Алатау, Бостандық және Медеу аудандарының көшелеріне мәдениет пен ғылым саласындағы көрнекті қайраткерлердің есімі берілді, деп жазады Zakon.kz.

2022 жылдың 6 мамырында Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XIX сессиясы барысында депутаттар көшелердің жаңа атауын бекітті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Олардың арасында Олимпиада ойындарының алғашқы қазақ чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, композитор Қаршыға Ахмедиярұлы, академик және композитор Ғазиза Ахметқызы, Қазақ КСР Халық әртісі Роза Үмбетқызы, ақын және публицист Мәшһүр Жүсіп, археолог, этнолог және шығыстанушы Лев Гумилев және басқа да көрнекті қайраткерлер бар.

Сондай-ақ, көшелердің бірінің атауы ХХ ғасырдың ортасында Түркияға қоныс аударған отандастарымызға өз қызметі кезінде көмек көрсеткен көрнекті саясаткер және Түркияның экс-премьер-министрі Аднан Мендереске берілді.

Бұл көшелер "Нұркент", "Ерменсай", "Нұр Алатау", "Нұрлытау" және "Алатау"ықшам аудандарында орналасқан.