Алматыда және екі өңірде террористік қатердің «қызыл»деңгейінің күші жойылады

0
552

Аталған өңірлерде террористік қауіп-қатердің жоғары "қызғылт сары" деңгейі белгіленеді.


Алматыда және екі өңірде террористік қатердің «қызыл»деңгейінің күші жойылады

ERNUR.KZ. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб 26 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарында терроризмге қарсы операция режимінің және террористік қауіп-қатердің "қызыл" деңгейінің күші жойылатынын жариялады, деп жазады Zakon.kz.

Аталған өңірлерде террористік қауіп-қатердің жоғары "қызғылт сары" деңгейі белгіленеді.

Нұр-Сұлтанда террористік қауіп-қатердің жоғары "қызғылт сары" деңгейі және Батыс Қазақстан облысында қалыпты "сары" деңгейі сақталады.

Сондай-ақ, 26 қаңтарда сағат 00: 00-ден бастап Балқаш қаласында, Қарағанды облысында және Солтүстік Қазақстан облысында террористік қауіп-қатердің орташа "сары" деңгейінің күші жойылады.

5 қаңтарда Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер мен террористік шабуылдар басталды. Салдарынан 225 адам опат болды. Олардың 149-ы Алматыда көз жұмғандар.

25 қаңтардағы жағдай бойынша тергеу-жедел топтарының өндірісінде 2 044 қылмыстық іс бар, оған қатысты 898 күдікті ұсталды.