Алматыда Жансейіт Түймебаевтың баласына оқ тиіп, қайтыс болды

0
495

Бұл ақпаратты университет басшысының баспасөз хатшысы растады.


Алматыда Жансейіт Түймебаевтың баласына оқ тиіп, қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы қайтыс болды. Оның бүлікшілер қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат осыған дейін тараған болатын. Бүгін университет басшысының баспасөз хатшысы Қаншайым Байдәулет бұл ақпаратты растады, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Иә, қайтыс болғаны рас. Біраздан кейін істің мән-жайына қатысты толық ақпарат таратамыз», - деп мәлімдеді баспасөз қызметінің өкілі.