Алматыда жаппай төбелес болды

0
410

Бостандық ауданының полиция басқармасы аталған факт ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін жеткізді.


Алматыда жаппай төбелес болды

ERNUR.KZ. Алматыда сауда ойын-сауық орталықтарының бірінің алдында жаппай төбелес болды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бостандық ауданының полиция басқармасы аталған факт ҚР ҚК 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін жеткізді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның объективті мән-жайын анықтау үшін іс-шаралар кешені жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, жастар арасында сөзден келіспеушілік шығып, артынан төбелеске ұласқан. Төбелестен зардап шеккендер болған жоқ»,- деді полициядан.