Алматыда жарақат алған күзетшінің жағдайы белгілі болды

0
471

Оқ оның денесін тесіп өткен.


Алматыда жарақат алған күзетшінің жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде оқ жарақатын алған күзетшінің жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, жарақат алған азамат ем қабылдауда.

"Қазір науқастың жағдайы тұрақты, тиісті ем қабылдап жатыр. Оқ оның денесін тесіп өткен. Жедел ем шаралары жүргізілді", - деді басқарма өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда 58 жастағы азамат мылтықпен тұрғын үй кешенінің күзетшісіне оқ атқаны белгілі болды. Екі азаматтың арасындағы жанжал атысқа ұласып, ең аяғы оқ атқан ер адам 17 қабаттан секіріп көз жұмды.