Алматыда жас жігіт нөсер жауын кезінде Көкжайлау шатқалынан түсе алмай қалған

0
2 656

Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаған.


Алматыда жас жігіт нөсер жауын кезінде Көкжайлау шатқалынан түсе алмай қалған

ERNUR.KZ. 2005 жылы туған жігіт 12 тамыз күні таңертең Көкжайлау шатқалына кеткен, телефоны сөндірулі болған, деп жазады inbusiness.kz.

Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы 13 тамыз күні сағат 01:15 шамасында жігітті іздеуге шыққан.

Құтқарушылар оны сағат 03:00-де тапты.

Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаса керек.