Алматыда жас жұпты көлік қағып кетті: бір адам қаза болды

0
684

Жас жұп жүргіншілер өтетін жолақтан жолды кесіп өтіп бара жатқан.


Алматыда жас жұпты көлік қағып кетті: бір адам қаза болды

ERNUR.KZ. Алматы қаласында Төле би мен Қабдолов көшелерінің аралығында жатқан Өтеген батыр көшесінде жас жұпты көлік қағып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жас жұп жүргіншілер өтетін жолақтан жолды кесіп өтіп бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша Lexus LX 570 жол талғамайтын көлік жоғары жылдамдықта жүйткіп бара жатқан.

Алған соққының салдарынан жас жігіт 30-40 метр қашықтыққа ұшып кеткен. Жәдел жәрдем келгенше 2000 жылы туған жас жігіт тіл тартпай кетті. Ал оның сүйіктісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері, криминалист және анықтаушы жұмыс істеп жатыр.

Жүргізуші ұсталды.