Алматыда жер сілкінісін болжайтын спутник әзірленеді

0
532

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары жер сілкінісінің прекурсорлары туралы ақпаратты тарататын спутник жасап жатыр.


Алматыда жер сілкінісін болжайтын спутник әзірленеді

ERNUR.KZ. Наноспутник ионосферада жұмыс істейді. Онда құрылғы жер сілкінісінің прекурсорлары туралы ақпаратты жинай бастайды, олар жерге таралады, деп жазады inbusiness.kz.

"Ең қызық миссия ионосфераны зерттеу болайын деп тұр. Атап айтқанда ионосфераны, онда болып жатқан кейбір құбылыстарды бақылау. Себебі олар - жер сілкінісінің хабаршысы. Ғалымдар жер сілкінісі болғанға дейін, бір-екі күн бұрын ионосферадағы зарядталған бөлшектер қатты өзгеретінін дәлелдеген. Бұл ионосферадағы өзгерістер мен жер сілкінісі арасындағы корреляция туралы мағлұмат береді", - дейді инжиниринг және жоғары технологиялар кластерінің бас директоры Әмірхан Темірбай.