Алматыда жігіттің соққыға жығылған сәті бақылау камерасына түсіп қалған

0
335

Әлеуметтік желіде тараған видео сипаттамасында жігітті жұдырыққа киетін жез құралмен сабағаны айтылады.


Алматыда жігіттің соққыға жығылған сәті бақылау камерасына түсіп қалған

ERNUR.KZ. Қарасай ауданында жігіт соққыға жығылды. Оқиға 14 маусымда кешкісін "Асыл Арман" шағынауданында болып, бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп жазады tengrinews.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видео сипаттамасында жігітті жұдырыққа киетін жез құралмен сабағаны айтылады. Жәбірленушінің бет сүйегі сынған, маңдайы жыртылған, миы шайқалған.

Кадрда бірнеше адамның бір жігітке қалай жақындағанын көруге болады. Қысқа әңгімеден кейін олардың бірі қарсыласының басынан соққы жасайды, содан кейін тағы да ұра жөнеледі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов Instagram-парақшасында оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Қарасай аудандық полиция бөліміне 2004 жылы туған азамат Д., бұзақылық ниетпен өзіне дене жарақатын салған белгісіз тұлғаға шара қолдану туралы арызданған. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша аудандық ішкі істер органдарына тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 19 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Аталған факт бойынша тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Әленов.