Алматыда жойқын жер сілкінісі болады: Сейсмологтар блогердің болжамын жоққа шығарды

0
480

Осыдан бірнеше күн бұрын танымал блогер 15 қаңтар Алматыда жойқын жер сілкінісі болады деген хабарлама таратты.


Алматыда жойқын жер сілкінісі болады: Сейсмологтар блогердің болжамын жоққа шығарды

ERNUR.KZ. Сейсмологтар жойқын жер сілкінісі туралы ақпараттан шошып қалған алматылықтарға жүгінді, деп жазады stan.kz.

Осыдан бірнеше күн бұрын танымал блогер 15 қаңтар Алматыда жойқын жер сілкінісі болады деген хабарлама таратты.

Ол өзінің көріпкелдігі арқылы жер сілкінісі болатынын болжағанын айтады. Ғалымдардың есебіне емес, өзінің кейбір пайымдауларына сілтеме жасаған блогер қала тұрғындарын шошытып, қаладан алдын ала кетуге кеңес берді.

Бірақ сейсмология институтының сарапшылары мұндай онлайн болжамдарды күмәнді деп санайды.

"Сейсмология институты кешенді мониторинг деректері негізінде жасайтын жыл сайынғы қорытындыға сәйкес 200-ден астам сейсмикалық, сейсмологиялық, геофизикалық, гидрохимиялық деформация параметрлері қатысады. Біз жыл сайын осындай қорытынды жасаймыз. Өткен жылдардың тәжірибесіне сүйене отырып, біздің мамандар 24 жыл бойы сейсмикалық жағдай бойынша да қаңтар айының басында қорытынды жасайды. Бұл мәліметтерге сәйкес, аномалия белгілері жоқ. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ”, – дейді Сейсмологиялық зерттеулер және мониторинг ұлттық ғылыми орталығының директоры Нұрсарсен Өзбеков.