Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті: арасында екі бала бар

0
1 491

​Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Volkswagen Passat қарсы бағыттағы Toyota Corolla көлігін өткізбей, бұрылыс жасаған.


Алматыда жол апатынан төрт адам зардап шекті: арасында екі бала бар

ERNUR.KZ. Құқық құрғау органдары өкілдерінің мәлімдеуінше, қиылыста тұрған көлік жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Corolla-ны өткізбеуі салдарынан жол апаты туындаған, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға Наурызбай ауданындағы Жандосов пен Дәулеткерей көшесінің қиылысында болды.

Фольксваген и Тойота столкнулись на ул. Джандосова


Volkswagen Passat Жандосов көшесімен батыс бағытқа қарай келіп, қарсы бағыттағы Toyota Corolla маркалы автокөліктің жолын кесіп, бұрылыс жасаған.

Жоғары жылдамдықпен келе жатқан Toyota жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, Volkswagen көлігін соққан. Соққының қатты болғаны соншалық, Volkswagen Passat жолдың қарсы бетіндегі жиекке дейін шығып кетеді.

Фольксваген и Тойота столкнулись на ул. Джандосова


Жол ережесін сақтамаған Passat жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал салонда болған жолаушы әйел мен екі бала дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілді

Оқиға салдарынан төрт адам жарақат алды. Жол ережесін сақтамаған Passat жүргізушісі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ал жолаушы әйел мен екі бала дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілді.