Алматыда жол бойында тұрған тракторға жеңіл көлік оңбай соғылды

0
943

Сайын көшесінің бойында оңтүстік бағытта Төле би көшесінен бастап көлік кептелісі орын алды.


Алматыда жол бойында тұрған тракторға жеңіл көлік оңбай соғылды

ERNUR.KZ. Алматыдағы Сайын көшесінде жеңіл автокөлік жол бойында тұрған тракторға соғылып, көлік кептелісі орын алды, деп жазады zakon.kz.

Жол апаты Сайын бойында Шаляпин көшесіндегі жол орамындағы көпір астында оңтүстік бағытқа қарайғы жолды болған.

Жолдың оң жақ шетінде дизель отыны таусылып, Беларусь тракторы тұрып қалған. Трактор жүргізушісі жұмсаған адамы дизель әкелгенін күтіп тұрған, бір уақытта күтпеген жерден SsangYoung көлігі қатты жылдамдықпен келіп тракторға соғылады.

Трактор жүргізушісінің айтуынша, соққының қатты болғаны соншалық, ауыр техниканы бірнеше метрге ұшып кеткен. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем көлігін шақырған, дәрігерлер апат орнында зардап шеккендерді тексерген, бірақ оның ешқайсысына ауруханаға жатудың қажеті болмаған.

Трактор жүргізушісі өзіне соғылған көлікті тізгіндеген қыз асығып, алдындағы көліктерді айналып, басып өтемін деп оң жаққа шыққанын, бірақ ол жолда кедергіге тап боламын деп ойламаған деп болжайды.

Сайын көшесінің бойында оңтүстік бағытта Төле би көшесінен бастап көлік кептелісі орын алды.