Алматыда жолда келе жатқан автобустың тежегіші істен шықты

0
329

​Жол апаты салдарынан автобуста болған екі бала зардап шекті.


Алматыда жолда келе жатқан автобустың тежегіші істен шықты

ERNUR.KZ. Алматыда сенбіден жексенбіге қараған түні Момышұлы және Марғұлан көшелерінің қиылысында жол апаты болды, деп жазады sputnik.kz.

112-бағыттағы автобус жүргізушісінің айтуынша, ол Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Автобустың тежегіші істен шығып, жүргізуші алдындағы көліктермен соқтығыспау үшін жолдың қарсы жолағына шығып кеткен.
Алайда автобус қатты жылдамдықпен келе жатқан Mersedes Sprinter мен Nissan Tiida көліктерімен соқтығысты.
Соққы инерциясының күшті болғаны соншалық, жүргізуші рөлді бұрғанда автобус тағы 700-800 метр жүрген. Ол бар жылдамдықпен ағашқа соғылып, арыққа түскен.
Жол апаты салдарынан автобуста болған екі жолаушы, шамамен 6-7 жасар балалар зардап шекті. Екеуі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.