Алматыда жүк көлігі трактор мен жұмысшыларды қағып кетті

0
755

Howo жүргізушісі көлік тізгінінен айрылып қалған.


 Алматыда жүк көлігі трактор мен жұмысшыларды қағып кетті

фото: zakon.kz.

ERNUR.KZ. Алматыда жүк көлігі жол шетіндегі трактор мен 2 жұмысшыны қағып тоқтады, деп жазады ҚазАқпарат.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, жол апатынан 3 адам жарақат алды.

«25 жастағы ер адам миы шайқалып, мұрны сынып, ішінен соққы алған. 47 жастағы ер адам иек сүйегі сынып кеткен, басы жарақат алған. 20 жастағы жігіт миы шайқалып, омыртқасынан жарақат алған»,- деді басқарманың баспасөз қызметінен.

Полицияның хабарлауынша, Горная көшесімен келе жатқан Howo жүргізушісі көлік тізгінінен айрылып қалған. Бірінші ол тракторға соғылып, сосын жол шетіндегі екі жұмысшыны қағып кетіп, ары қарай газ құбыры мен жекеменшік үйдің қоршауына соғылып, тоқтаған.

«Жол апатының мән жайын Медеу аудандық ПБ әкімшілік полиция бөлімшесі анықтап жатыр. Қазір сот медициналық сараптама тағайындалған. Оның қорытындысына сәйкес науқастардың алған жарақатына баға беріледі», -деді ПД.