Алматыда жүк көліктің тіркемесі жеңіл көлікті басып қалды

0
813

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоларды әлеуметтік желіде жариялады.​


Алматыда жүк көліктің тіркемесі жеңіл көлікті басып қалды

ERNUR.KZ. Алматыда 2023 жылдың 25 желтоқсанында Рысқұлов даңғылында ерекше жол-көлік оқиғасы болды, деп жазады Zakon.kz.

Куәгерлер оқиға орнынан түсірілген видеоларды әлеуметтік желіде жариялады.


Алматы полициясының баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Оқиға 2023 жылдың 25 желтоқсаны күні таңертең Рысқұлова даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында болды. Жүк көлігінен ұшып кеткен тіркеме екі жеңіл көлікпен соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ. Бұл факті бойынша Алатау облысының полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр".Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі