Алматыда жүріп бара жатқан көліктен түскен жігітті полиция іздеп тапты – видео

0
579

27 жастағы алматылық қала ортасында жол талғамайтын көліктен түсіп, бірнеше рет сальто жасаған


Алматыда жүріп бара жатқан көліктен түскен жігітті полиция іздеп тапты – видео
ERNUR.KZ. Алматыда TikTok үшін автокөлікпен қауіпті трюк жасаған жас жігіт жауапқа тартылды, деп жазады sputnik.kz.


Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рүстем Әбдірахманов хабарлады.

"Тексеру жүргізіп, құқық бұзушыны анықтадық – ол 1994 жылы туған О. деген азамат болып шықты. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлігі (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiкті басқару) және 593-баптың 2-бөлігі (қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды", - деп хабарлады Әбдірахманов.

Бірінші бап бойынша 10АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде, екінші бап бойынша 5АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.