Алматыда жүздеген мың адамға несие бойынша банкроттық жариялануы мүмкін

0
243

Қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша 7,4 миллион адамның белсенді несиесі бар.


Алматыда жүздеген мың адамға несие бойынша банкроттық жариялануы мүмкін

ERNUR.KZ. Алматы қаласының тұрғындарына жеке тұлғалардың банкроттығы рәсімдері түсіндірілді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қазіргі уақыттың өзінде тек Алматы қаласының 1 млн-нан астам тұрғындарының несиесі бар.

«Оның ішінде 451 мыңнан астам азаматтың 90 күннен астам уақыт төленбеген несиелері қордаланып қалған. Сондықтан азаматтардың арасында жеке тұлғалардың банкроттығын жариялау туралы рәсімдерге қызығушылық танытқандар көп», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Бұл туралы Алматы қаласында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің жеке тұлғалардың банкроттығын жариялау туралы заң жобасының басты ережелерін түсіндіруге арналған конференциясында белгілі болды.

Іс-шара соңында лекторлар конференция қатысушыларының барлық сұрағына жауап берді.

Айта кетсек, қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша 7,4 миллион адамның белсенді несиесі бар. Оның ішінде азаматтардың 12 триллион теңге қарызы бар. Несиені өтеу мерзімі 90 күннен астам кеткен 1,3 миллион қазақстандық анықталды.