Алматыда зорланды деген 7 жастағы оқушының анасы мәлімдеме жасады

0
371

Әйел қылмыстық іс бойынша жүргізілген сараптама қорытындысымен таныс екенін айтты.


Алматыда зорланды деген 7 жастағы оқушының анасы мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Алматы мектептерінің бірінде 7 жастағы оқушының зорлануына қатысты баланың анасы күтпеген мәлімдеме жасады, деп жазады tengrinews.kz.

"Мен - бірінші сыныпқа барған бойда бір аптадан кейін Алматыдағы халықаралық мектепте зорлық көрген баланың анасымын. Бір айдан аса уақыт өтті, қылмыскер әлі табылған жоқ. Психологтар баламның жағдайына қатысты психиатрларға жүгінуді ұсынып жатыр. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке, бас прокурор Берік Асыловқа өтініш білдіремін, мен мемлекеттік органдарға жазған сауалыма әлі жауап ала алмағандықтан, бұл өтінішті сізге жолдауға мәжбүрмін", - деді әйел видеода.

Әйел қылмыстық іс бойынша жүргізілген сараптама қорытындысымен таныс екенін айтты.

"Баламның денесіндегі жаралар, тыртықтар. Бұл жаралар құрт пен іш қатудан болған зақым деп түсіндіріледі. Баламның шалбарын да құрт жыртып тастаған болып тұр ғой. Мен қарапайым қазақстандықпын, жоғарғы жақтан таныстарым жоқ. Шынында да әділ тергеу болмай ма?" - деді баланың анасы.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі өкілдері бұл дерек бойынша қылмыстық істі тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 121-бабы, 3-1-бөлігі бойынша тергеп жатқанын хабарлады.

"Комиссиялық сот-медициналық сараптама жүргізілді. Оның қорытындысы алынды. Сонымен қатар, істің объектив мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу қосымша сараптамалық зерттеу тағайындады. Примушко ұлына сараптама жасағысы келмеуіне байланысты жүргізу мүмкін болмады. Соталды тергеу ІІМ мен ПД басшылығының бақылауында", - деп қорытындылады полиция өкілдері.