Алматыдағы 7 жасар қыздың өлімі: қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек сот алдына келді

0
867

Балжан Тұрлыбек өз кінәсін мойындамады.


Алматыдағы 7 жасар қыздың өлімі: қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек сот алдына келді

ERNUR.KZ. Алматыда 7 жасар Карина Закураеваның өліміне қатысты басты сот отырысы басталды. Айыпталушы - қайтыс болған баланың өгей анасы, қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек, деп жазады tengrinews.kz.

Сот отырысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта өтіп жатыр. Істі судья Ерлан Болатов қарап жатыр.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, күдікті ретінде 47 жастағы Балжан Тұрлыбек танылды. Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда, оның белгілі қоғам белсендісі екені белгілі болды.

Мемлекеттік айыптаушылардың айтуынша, өгей шешесі қыздың 33 жастағы әкесімен былтыр шілдеде танысқан. Осыдан кейін олар әйелдің үйінде бірге тұруды ұйғарған. Жыл аяғына қарай ер адам үйге бұрын әжесі Елена Закураеваның қолында тәрбиеленген қызын әкеледі.

Қыз биыл шілдеде қайтыс болды.

"Қыз алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қайтыс болды. Сотталушы қылмыстың ізін жасыру үшін марқұмның әкесіне телефон соққан", - деп айыптау актісін оқыды прокурор Данияр Тағаев.

Айта кетейік, Балжан Тұрлыбек өз кінәсін мойындамады.

Сотта марқұмның әжесі де куәлік етті. Ол қызды жеті жыл тәрбиелегенін айтты.

"Оның әкесі қызды биыл алып кеткен. Олар оны жүйелі түрде ұрып-соққан", - дейді Елена Закураева.

Еске салайық, жеті жасар қызды өлтіру оқиғасы шілдеде белгілі болды. Қыздың туыстарының айтуынша, өлтіруге баланың бұтына жіберіп қойғаны себеп болған.