Алматыдағы "алып тиінді" басқа жерге қоятын болды

0
892

Көшіру наурыз айына жоспарланып отыр.


Алматыдағы

фото: zakon.kz.

ERNUR.KZ. Алматыдағы алып тиін мүсіні басқа жерге қойылатын болды. Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов айтты, деп жазады zakon.kz.

"Тиін" мүсіні қалғанын да қалайтын тұрғындар бар, сол секілді оған қарсы тарап та бар. Қоғамдық пікірді ескере отырып, бұл мүсін толығымен бөлшектелмейді, бірақ Атакент аумағына көшіріледі деген шешім қабылданды. Мұны наурыз айында жоспарлап отырмыз, - деді аудан әкімі.

Бұрын алып тиін мүсіні бөлшектеліп жатқаны туралы хабарланған, кейін оны уақытша қалдыруға шешім қабылданды.

Кезінде бұл мүсінге бөлінген қаражат елдің жағасын ұстатып, қоғамда резонанс туғызған еді.