Алматыдағы атыс: Оқ тиген адамдардың жағдайы белгілі болды

0
795

Алматыдағы дәмханалардың бірінде атыс болған болатын.


Алматыдағы атыс: Оқ тиген адамдардың жағдайы белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматы дәрігерлері оқ жарақатымен ауруханаға түскен науқастардың жағдайы туралы айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Орталық клиникалық ауруханаға түскен екі науқастың бірі маңдай сүйегінің сынығы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, сол аяқ жіліншігінің өтпелі оқ жарақаты диагнозымен жеткізілді.

Науқас нейрохирургия бөліміне жатқызылды, қазіргі кезде жағдайы бірқалыпты, оны бас сүйегіне ота жасауға дайындап жатыр.Екінші науқас ауыр жағдайда құрсақ қуысына өтпелі тиген оқ жарақаты, ішіне қан кету, қансырау мен ауырсынудан болатын шок, оң қол буынына тиген өтпелі оқ жарақаты диагнозымен түсті, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.Ведомстводан атап өткендей, екінші науқасқа шұғыл түрде ота жасалды. Қазір ол хирургия бөлімінде жатыр, жағдайы тұрақты ауыр.

Бұған дейін Алматыдағы дәмханалардың бірінде бүгін, түнгі сағат 00:30 шамасында атыс болғаны туралы жазған едік.