Алматыдағы автобус апаты: Сотта кәмелетке толмаған жолаушы куәлік етті

0
1 128

Сот процесі Алматы қаласының Алатау аудандық сотының ғимаратында болды.


Алматыдағы автобус апаты: Сотта кәмелетке толмаған жолаушы куәлік етті

ERNUR.KZ. Алматыда автобус жүргізушісін ұрған күдіктінің ісі бойынша үшінші тыңдалым өтті, деп жазады baq.kz.

Сот процесі Алматы қаласының Алатау аудандық сотының ғимаратында болды. Сотқа күдіктінің өзінен бөлек, қайтыс болған және зардап шеккен азаматтардың туған-туыстары қатысты.

Сот ісінде бірінші болып кәмелетке толмаған жолаушы өз түсініктемесін айтып берді.

Мен 47-ші автобусқа отырдым. Құлағымда құлаққап болды. Сыртта не болып жатқанына мән бермедім. Жолаушылардың бірі автобус жүргізушісіне қарай жүріп бара жатқанын көрдім. Содан кейін автобус адамдарды қағып кетті. Сол сәтте мен де аяғымды ауыртып алдым. Содан кейін автобустың ішінде шу шықты. Мен не болғанын түсінбей абдырап қалдым. Осы оқиғаның өткеніне үш ай өтіпті, біраз нәрсені ұмыта бастадым. Жолаушылардың бірінің "жүргізушіге көмектесейік" деп айтқаны есімде. Мен жүре алмасам да, бар күшімді жинап көмектестім. Біз төртеуміз көмектесіп, жедел жәрдемге көтеріп апардық. Қазір жүргенде аяғым әлі ауырады", - деді жас жігіт.

Сот отырысына №47 автобусқа иелік ететін “ДуманТранс” ЖШС автопаркінің өкілі Манас Тазабеков шақырылды. Ол прокурордың сұрағына жауап беріп, жүргізуші рульде болған кезде жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін жолаушылардың өтініштеріне алаңдамау керектігін түсіндірді.

Жүргізуші аялдамада тоқтаған кезде жол ақысын алып, билет беруі керек. Бірақ қозғалыс кезінде ол жолдан алшақтамауы керек. Жолаушы оны түсіруді талап етті. Бірақ тоқтауға мүмкіндік болмады. Біріншіден, тоқтайтын жер жоқ, өйткені олар көпірдің астында болды. Екіншіден, үлкен қозғалыс. Жүргізуші жол ережесін бұзған болар еді, – деді Манас Тазабеков.

Айта кетейік, автобус апатына күдікті деп танылған Дархан Ахметжановқа қатысты ҚК-нің 293-бабы (бұзақылық) және ҚК-нің 351-бабы (екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін ережелерді бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.