Алматыдағы автобустар соқтығысы кезінде көз жұмған адам сол автобустың ішінде болған

0
754

Алғашқыда қос автобус соқтығысқанда қайтыс болған адам жаяу жүргінші екені айтылған еді.


Алматыдағы автобустар соқтығысы кезінде көз жұмған адам сол автобустың ішінде болған

ERNUR.KZ. Алматыдағы Төле би мен Абылай хан көшелерінің қиылысындағы адам шошырлық жол апатында ажал құшқан ер адамға қатысты тағы да тың дерек шықты, деп жазады Экспресс К.

Алғашқыда қос автобус соқтығысқанда қайтыс болған адам жаяу жүргінші екені айтылған еді. Анығында 37 жастағы Мұхит Исаханов қайғылы оқиға күні 98-ші бағыттағы автобустың ішінде, яғни көлік жүргізушісінің қасында тұрыпты. Ол тәжірибеден өтуге барған екен. Сол сәтте қос қоғамдық көлік соқтығысқанда өзге екі жолаушымен бірге салоннан сыртқа ұшып кеткен. Кейін 201-ші бағыттағы автобус дәл сол Мұхиттың үстінен мыжып өтеді. Бұл жайында ажал құшқан азаматтың туыстары КТК телеарнасының тілшісіне айтқан.

Қара жамылған отбасы марқұмды жер қойнына тапсырды. Мұхит Исахановтың артында әйелі мен кәмелет жасқа толмаған екі баласы қалды.