Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалды

0
768

Балалардың жасы 12-14-те.


Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Алматы бассейнінде 11 бала уланып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәліметінше, балалар жедел жәрдеммен жедел медициналық жәрдем орталығына жеткізілген.

"Олар бассейндегі сабақ кезінде хлор буына уланып қалған. Балалардың жасы 12-14-те. Барлығының жағдайы тұрақты, мамандандырылған бөлімге жатқызылды", - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Алмалы ауданының санитария дәрігерлері бұл деректі тексеріп жатқанын айтты.