Алматыдағы бейіттерге 118 миллион теңге қаржы бөлінген

0
2 280

Алматыдағы әкімдік өкілі неліктен зираттарға қомақты қаржы бөлінгенін түсіндірді


Алматыдағы бейіттерге 118 миллион теңге қаржы бөлінген

Алматыдағы бейіттерге биыл жергілікті бюджеттен 118 миллион теңгеден асатын қаржы бөлінген. Әкімдік өкілі бұл ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Қомақты қаражатқа шенділер қала аумағындағы 70 қорымның кем-кетігін жөндемек. Айтуларынша 26-сында қазір орын жоқ болғандықтан жабылыпты. Бірақ оларды да қоқыстан тазартпақшы. Апатты жағдайдағы ағаштар мен бұталарды кесуге де жұмсамақ.

"Бізде Алматы қаласы бойынша 70 қорым бар. Ол жерлердің санитарлық жағдайы Жетісу ауданы әкімдігі аппаратының мойнында. Биыл 118 миллион 500 мың теңге осы қорымдарды қалыпқа келтіру үшін жергілікті бюджеттен бөлінді. Нақтырақ айтқанда бір қорымға 17 мың теңгеге жуық ақша кетеді деп отырмыз", - деді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Әлішер Сатыбалдиев.