Алматыдағы блокбекеттегі жол апаты: тергеу аяқталды

0
533

25 мамырда BMW көлігінің мас жүргізугісі Көксай шағын ауданындағы блокпостты бұзып, патрульдік көлікке соғылған. Көлік салонында екі полицей болған. Оның бірі Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза тапса, әріптесі астан Әбіқанов ауруханада көз жұмған еді.


Алматыдағы блокбекеттегі жол апаты: тергеу аяқталды

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қарасай ауданының сотына екі полицейді қағып кеткен BMW жүргізушісі Азат Азаматовтың ісі түсті. Бұл туралы сот баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Самат Авганов мәлімдеді, - деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл іс сот төрағасы Мәди Көшікбаевтың қарауында екені айтылды. Сот отырысы қашан өтетіні жақын арада белгілі болады. Іс онлайн режимінде қаралады.

Еске салайық, 25 мамырда BMW көлігінің мас жүргізугісі Көксай шағын ауданындағы блокпостты бұзып, патрульдік көлікке соғылған. Көлік салонында екі полицей болған. Оның бірі Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза тапса, әріптесі астан Әбіқанов ауруханада көз жұмған еді.

Апат салдарынан үшінші полицей ауыр жарақат алып, кейін ауруханадан шығарылған болатын.

Артынша, Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған полицейлерді марапаттаған.

Полиция өкілдері күдіктінің бұрын орган қызметкері болғанын, бірақ жұмыстан шығарылғанын хабарлаған еді. Алайда қаза тапқан полицейдің жары оны жоққа шығарған. Оның сөзінше, Азат Азаматовты ешкім жұмыстан шығармаған және ол апат кезінде полиция қызметкері болып жұмыс істеп жатқан.

"Жұмыс істей ме, жұмыстан шығарылды ма - маңызды емес". Алматы полиция басшысы блокбекеттегі апат туралы

Трагедиядан кейін полицияның үш басшысы қызметінен кеткен еді. Ал Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовке қатаң сөгіс жарияланған болатын.