Алматыдағы брендтік киімдер дүкенін тонаған күдіктілер ұсталды

0
544

​Олар ұрланған киімдерді өлшемі мен маусымына қарай сұрыптап үлгерген.


Алматыдағы брендтік киімдер дүкенін тонаған күдіктілер ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда ерлерге арналған қымбат киімдер сататын дүкенді тонады деп күдікке іліккен үш ер адам ұсталды, деп жазады inbusiness.kz.

Оларды Алмалы аудандық полиция департаментінің қызметкерлері анықтаған. Қазақстанның әр өңірінен келген 39, 37 және 33 жастағы үш азамат жаппай тәртіпсіздікті пайдаланып, Гагарин көшесінде орналасқан брендтік киім дүкенін тонап кеткен.

"Олардың басқа да заңсыз әрекеттерге қатысқаны анықталды. Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, күдіктілер жалдамалы пәтерде ұсталған. Ер адамдар ұрланған киімдерді өлшемі мен маусымына қарай сұрыптап үлгерген", – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.