Алматыдағы дәрігер өлімі: Айыпталушы Юрий Шумковты қалай атқанын айтып берді

0
642

Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті.


Алматыдағы дәрігер өлімі: Айыпталушы Юрий Шумковты қалай атқанын айтып берді

ERNUR.KZ. Айыпталушы Шумковты "өзінің жағдайы мен іс жүргізу тәртібі туралы шындықты білу үшін қорқытқысы келгенін" айтты, деп жазады zakon.kz.

Алматыда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Айыпталушы сол сәтсіз күн туралы айтып берді.

Айыпталушының сөзінше, дәрілерлер екі жыл бойы оны ЛОР-дан гастроэнтерологқа жіберіп, ешкім нақты диагноз қоя алмаған. Ол барлық ақшасын емделуге жұмсағанын айтып отыр.

Айыпталушы гастроэнтерология тұрғысынан проблеманың жоқ екені туралы анықтама алу үшін ЛОР дәрігерлер оны Юрий Шумковқа жіберген. Сотталушы эндоскоппен тексерілгеннен кейін жағдайы нашарлады деп есептейді.

"Шумковты қорқытып, одан шындықты білгім келді. Мен мылтықты оқтап, барынша Шумковтың көлігіне жақындадым. Қаруды көтеріп тұрып, "Шық, сөйлесуіміз керек" дедім. Шумков маған қарап, қолымен бірнәрсе іздей бастады. Мен оның қолынан қара бірнәрсені байқадым. Қолындағысы қару екен деп ойлап, атып жібердім. Ол көліктен түскенде қайтадан тағы бір рет аттым", - дейді айыпталушы.

4 сәуірде Алматыдағы көлік тұрағында белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков кісі қолынан қайтыс болды. Кейін полиция қылмыскердің науқас екенін, дәрігерге бірнеше рет барғанын анықтады.

22 қарашада сотқа өлтірілген дәрігердің жесірі келді. Ол өтемақы ретінде 105 миллион теңге талап етіп отыр.

Дәрігерді өлтіргенге дейін сотталушымен болған кездесу туралы Юрий Шумковтың әріптесі де айтты.