Алматыдағы «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды

0
609

Тергеу айыпталушыларға қатысты 10 млн. теңгеден астам шығын сомасымен психоневрологиялық аурулары бар адамдарға жұмсалатын және оңалтуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылды.


Алматыдағы «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды

ERNUR.KZ. Алматыдағы «Демеу» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкерлері сотталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен балалар үйіндегі азаматтардың құқықтарын қорғау қаржы мониторингі агенттігінің жіті назарында.

Алматы қаласы бойынша қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті «QAMQOR» жедел алдын алу шарасы аясында, Алматы қаласы білім басқармасының «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің бас бухгалтері мен қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу айыпталушыларға қатысты 10 млн. теңгеден астам шығын сомасымен психоневрологиялық аурулары бар адамдарға жұмсалатын және оңалтуға бөлінген бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айып тағылды.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында жымқырылған қаражат толық көлемде өтелді»,-делінген хабарламада.