Алматыдағы қалта ұрыларының суреттері жарияланды

0
2 167

34 қалта ұрыларының суреті жарияланды.


Алматыдағы қалта ұрыларының суреттері жарияланды

ERNUR.KZ. Алматы полициясы қалта ұрыларының суретін жариялауды жалғастыруда. Олардың қатарында жас қыз-жігіттер бар, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бүгін көпшіліктің назарына 34 қалта ұрыларының суретін жариялап отырмыз. Олар өз құрбандарын қоғамдық көліктен іздейді. Осы жолы сұғанақтардың қатары жастармен толығыпты. Ұсталған қалта ұрыларының арасында 2001 жылы туғандар бар. Сондай-ақ, бұрын осы қылмысы үшін жауапқа тартылғандарды да кездестіруге болады»,- дейді Алматы қалалық криминалдық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Суреттегі адамдардан, зардап шеккендер болса Алматы қаласы ПД -нің криминалдық полиция басқармасына 254-40-12, 254-43-93 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуға болады.