Алматыдағы көлік құрастыратын зауыт 45 мың темір тұлпар шығармақ

0
1 738

Компания көліктерін Орта Азия мен ТМД мемлекеттеріне экспорттамақ.


Алматыдағы көлік құрастыратын зауыт 45 мың темір тұлпар шығармақ

Фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Алматыда салынып жатқан көлік құрастыратын зауыт 2023 жылы қуаттылығын арттырмақ. Кәсіпорын жылына 45 мың темір тұлпар шығаруды жоспарлауда, деп жазады Atameken Business.

Бұл туралы «Астана Моторс» баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі кезде арнайы цех құрылысы жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін көліктің ірі бөлшектерін жинайтын бөлімнің ашылады.

«2020 жылы дәнекерлеу мен бояу, майда бөлшектер құрастыру цехтерін іске қоспақпыз. Ал 2023 жылы 45 мың автокөлік құрастырыруды жоспарлап отырмыз»,– деді компания өкілдері.

Сонымен қатар, компания көліктерді Орта Азия мен ТМД мемлекеттеріне экспорттамақ.

«Экспорттайтын нарықты Hyundai Motor Company анықтайды. Бұл бренд дистрибьюторлары арасында демпинг болмауы үшін жасалады. Барлық көлік құрастырушылар нарықты осылай бөліп алады. Бұл өркениетті тәсіл. Біз көліктерді қалаған елімізге сата алмаймыз. Өндіруші нақты баға мен экспорттау картасын береді»,– деді компания мамандары.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың сәуір айында Алматыдағы индустриалды аймақта жеңіл көлік құрастыратын зауыт құрылысы басталды. Жобаның жалпы құны 25 млрд теңгеге бағаланған. Бастапқыда зауыт жылына 30 мың темір тұлпар шығарады деп жоспарланған.