Алматыдағы қуатты жер сілкінісі тағы қайталануы мүмкін

0
835

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы үрейге бой алдырмауға шақырды.


Алматыдағы қуатты жер сілкінісі тағы қайталануы мүмкін

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қуатты жер сілкінісі тағы қайталануы мүмкін екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ, ол мұндай жағдайда ең дұрысы халық көп жиналатын, үйге жақын маңдағы қабылдау пункттеріне бару керегін түсіндірді.

"Алматыда күшті жер сілкінісі болды. Дүрбелеңге салынбаңыз, бірінші тербеліс аяқталғаннан кейін бөлмеден шығып, жақын жердегі халықты қабылдау пункттеріне барыңыз. Тек ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратқа сеніңіз. Сирена сигналын естігенде: "Барлығыңыздың назарыңызға!", қолда бар ескерту құралдарын қосыңыз", - деді Нұрлан Атығаев Алматы тұрғындары мен қонақтарына сөйлеген сөзінде.