Алматыдағы қытай тілін оқытатын орталық жабылды

0
142

Мамандар қаладағы 264 мектептің бірде-бірі қытай тілінде білім бермейтінін айтты.


Алматыдағы қытай тілін оқытатын орталық жабылды

ERNUR.KZ. Қалалық білім басқармасы өкілдерінің сөзінше, аталған шет тілін оқуға қызығатындар болмай, курс жұмысын тоқтатқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандар, Білім басқармасына қарасты қаладағы 264 мектептің бірде-бірі қытай тілінде білім бермейді деп сендірді. Тіпті, қытай тілінде сабақ та жүрмейді. Былтыр ашылған қытай тілі орталығы, жай ғана тіл үйрету курсы ретінде ашылса керек. Ол мектеп деп аталғанымен мемлекеттік стандарттарға сай лицензиясы жоқ.

«Қызығушылық танытқандарға қытай тілін үйрету үшін ашылған 2-3 айлық курс болатын. Менің білуімше, әлеуметтік желілерде қызу талқылана бастаған кезде Білім басқармасы тарапынан да барып, тексеріп қарадық. Бұл Әуезов көшесінің бойындағы шағын ғана жерді жалға алып, қытай тілін үйрету курсын ашпақшы болған. Бірақ қазіргі таңда біздің білуімізше, қызығушылық танытатындардың болмауына байланысты ол курс жабылып қалды», – деді Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Жылқыбаева.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет