Алматыдағы модульдік аурухана туралы іс: Антикор шу шығармауды сұрайды

0
2 456

Бұған дейін Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жұқпалы аурулар ауруханасына бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікпен тергеу жүргізілетінін хабарлады.


Алматыдағы модульдік аурухана туралы іс: Антикор шу шығармауды сұрайды

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматыда жұқпалы аурулар ауруханасына бөлінген ақшаны жымқыру ісі бойынша БАҚ-та резонанс жасамауды сұрады, деп жазады Tengrinews.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Бегайдаровтың айтуынша, қылмыстық іс ішкі мемлекеттік аудит актісі бойынша тіркелген.

"Тергеу барысында келтірілген нақты залалды анықтау үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментінің актілері міндетті түрде тексеру жүргізу үшін тіркеледі. Соманы және ақша жымқырудың болған-болмағанын анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалады. Көп жағдайда расталмайды. Істі тоқтатуы да мүмкін", - деді Данияр Бегайдаров баспасөз мәслихатында.

"Алматы қаласындағы СOVID-19 орталығы үшін салынған модульді аурухана туралы айтсақ. Іс Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне (ІМАД) тіркелді, қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеліп жатыр. Тергеу барысында бәрі анықталады. Ол туралы қосымша хабарлаймыз.

Сондықтан БАҚ-та резонанс тудырудың қажеті жоқ. Бұл ІМАД актісі бойынша тіркелген әдеттегі іс және ондай істер өте көп. Тергеу барысы туралы қосымша хабарлаймыз", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі.

Бұған дейін Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жұқпалы аурулар ауруханасына бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікпен тергеу жүргізілетінін хабарлады.