Алматыдағы сауда орталығында ер адам бүлдіршінге қол көтерді (видео)

0
2 402

"Dostyk Plaza" сауда үйінде болған жағдай бейнекамераға түсіп қалған.


Алматыдағы сауда орталығында ер адам бүлдіршінге қол көтерді (видео)

ERNUR.KZ. Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде ер адам кішкентай балаға қол жұмсады. Қазіргі таңда бұл жағдай бойынша полиция тексеру жұмыстарын бастап кетті, деп жазады exk.kz.

"Dostyk Plaza" сауда үйінде болған жағдай бейнекамераға түсіп қалған.

"Ер адам қызын итеріп жібергені үшін бес жасар баланы ұрды. Кішкентай болғанына қарамастан, ол балақайға күш жұмсады", дейді бейнежазба авторы.

Сол мезетте бұл жағдайға сауда орталығының қызметкерлері араласыпты. Ашулы азамат баланың анасын да қорқытқан. Соққы алған балақайдың шешесі полицияға шағымданды. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Аталған дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасына қарасты жергілікті полиция қызметінің мамандары тексеруді бастады. Тексеру шаралары аяқталған соң тиісті шешім қабылданады", - делінген хабарламада.