Алматыдағы субұрқақта болған төтенше жағдай: кінәлілер 5 жылға қамалуы мүмкін

0
307

Полиция істі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша тергейді.


Алматыдағы субұрқақта болған төтенше жағдай: кінәлілер 5 жылға қамалуы мүмкін

ERNUR.KZ. Алматы полиция департаменті цирк алдындағы субұрқақта екі қыз бен әйелді тоқ соққан оқиға қандай бап бойынша тергеліп жатқанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі ҚК-нің 306-бабы 2-бөлігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша тергейтінін хабарлайды", - деді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұл бап бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарын, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуды, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып я онсыз, сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Еске салайық, 20 маусымда әлеуметтік желілерде әйел мен екі қызды субұрқақта электр тоғы ұрғаны туралы ақпарат пайда болды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл оқиғаға қатысты жазба жариялады.