Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде көлік ұрлаған деструктив ағым өкілі ұсталды

0
621

Қазір күдіктілер қамауға алынған.


Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде көлік ұрлаған деструктив ағым өкілі ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда тәртіпсіздік кезінде көлік ұрлағандар ұсталды, деп жазады Tengrinews.kz

Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Деструктив діни ағым өкілі - 1986 жылы туған азамат 6 қаңтарға қараған түні жаппай тәртіпсіздіктерді пайдаланып, үш танысмен Сүйінбай даңғылындағы сауда үйі маңында тұрған ВАЗ-2114 маркалы автокөлікті ұрлап кеткен. Алайда көлік Талғар қаласына барар жолда ұсталды", - делінген полиция хабарламасында.

Полицейлер бөтеннің көлігін заңсыз иелену фактісі бойынша қылмыстық істі Жетісу аудандық Полиция бөлімі тергеп жатқанын айтты. Қазір күдіктілер қамауға алынған.
"Сонымен қатар, Ж. есімді азамат бұрын бірнеше рет сотталған. 14 жасында 175-бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша 1 жыл мерзімге сотталып, Петропавл балалар колониясында жазасын өтеген; 2003 жылдан 2005 жылға дейін ҚК-нің 124-бабы "Зорлау" бойынша жазасын өтеген; 2006 жылдан 2014 жылға дейін ҚР ҚК-нің 120-бабы "Зорлау" бойынша Таразда жазасын өтеген", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.