Алматыдағы техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды (видео)

0
418

Қаланың төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.


Алматыдағы техникалық жөндеу орталығында жарылыс болды (видео)

ERNUR.KZ. Желіде Алматыдағы "KarCity" аймағында болған жарылысты куәгерлер түсірген видеосы пайда болды, деп жазады zakon.kz.

Видеодағы көріністен отқа оранған ангарда өрт күшейіп, бір уақытта қатты дүму болғаны көрінеді.

- Жоғары температура мен қатты түтінге қарамастан өрт сөндірушілердің газды ауыздықтау звеносы ангардың ішіне кіріп, жалын ошағын анықтауға тырысты. Қабылданған шаралардан соң күрделілігіне қарамастан өрт 55 минуттың ішінде - 13 сағат 58 минутта сөндірілді деп хабарлады қалалық ТЖД.

Қаланың төтенше жағдайлар бөлімінің хабарлауынша, зардап шеккендер жоқ.

Видеода бейәдеп сөздер барын ескертеміз!