Алматыдағы ұшақ апаты: Зардап шеккендерге қанша ақша төленетіні белгілі болды

0
1 036

Жолаушының өліміне байланысты 5000 АЕК (13 255 00 теңге) көлемінде сақтандыру ақысы тағайындалады


Алматыдағы ұшақ апаты: Зардап шеккендерге қанша ақша төленетіні белгілі болды

ERNUR.KZ. Сақтандыру ұйымы Bek Air әуе тасымалдаушы компаниясына тиесілі ұшақ апаты кезінде жәбір көрген азаматтарға қандай ақы тағайындалатыны туралы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Сақтандырушы мамандардың сөзінше, "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне қатысты міндетті сақтандыруы туралы" заңына сәйкес апат кезінде жарақат алған және опат болған адамдардың жақындары сақтандыру ақысын алуы тиіс.

"Amanat" сақтандыру ұйымының қызметкерлері 27 желтоқан күні құлаған Fokker 100 ұшақтың сақтандырушысы екендігін жеткізді. Сақтандыру ақысын табыстау авиакомпания мен жәбірленушілердің құжаттарын өткізгеннен кейін 7 күн ішінде жүзеге асырылады.

"Қазақстан заңнамасына сәйкес, жарақат не басқа да зақым алған жолаушыларға 200 АЕК (1 АЕК 2651 теңге деп есептелгенде 530 200 теңгеге дейін) көлемінде ақы табысталады. Егер апаттың салдарынан жолаушы мүгедек болып қалса, оған 2500-5000 АЕК аралығында (6 627 500 - 13 255 000 теңгеге дейін) мүгедектіктің тобына сәйкес ақы төленеді. Ал жолаушының өліміне байланысты 5000 АЕК (13 255 00 теңге) көлемінде сақтандыру ақысы тағайындалады", - деп мәлімдеді сақтандыру ұйымы.

Бұған қоса марқұм азаматтың отбасыларына жерлеу шығынына сәйкес 100 АЕК (265 000 теңге) төлеу қарастырылған. АЕК-нің көлемі сақтандыру ақысы тағайындалған күніндегі мөлшерімен анықталады.