Алматыдан 257 км қашықтықта жер сілкінді

0
594

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) Қазақстан аумағында жоқ.


Алматыдан 257 км қашықтықта жер сілкінді

ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 17 наурыз күні сағат 00:04-де жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Ulysmedia.kz.





Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.8. MPV магнитудасы — 4.5. Жер сілкінісінің координаттары 41.36° с. б. 78.78° ш. б. Тереңдігі — 15 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) Қазақстан аумағында жоқ.