"Алматыэлектротранс" компаниясының бас директорына қатысты істің мән-жайы белгілі болды

0
517

Қыркүйектің соңында Бекмырза Игенбердинов "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры қызметінен босатылып, екі айға қамауға алынды.


ERNUR.KZ. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, Игенбердиновті Алматыда 160 мың доллар пара алып жатқан сәтте ұсталған, деп жазады inbusiness.kz.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Игенбердиновтың пара алу фактісін растап, оның "Алматыэлектротранс" ЖШС бас директоры қызметінен не үшін босатылғанын хабарлады.

Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атқарылған жұмыстар актілеріне қол қою және олар бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін 160 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу фактісі бойынша "Алматыэлектротранс" ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқанын мәлім етті.

Ведомство 28 қыркүйекте Бекмырза Игенбердинов ұсталып, Алматы қалалық ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды деп нақтылады.

Тергеу құпиясына сай басқа ақпараттар жария етілмейді.