Алматыға өзен сағасын жағалап жасырын өтпекші болған ер адам ұсталды

0
791

Құқық бұзушы карантин жарияланған аумақтан шығуға тыйым салынғанын біле тұра, жақын маңдағы базардың біріне барып келмек болған.


Алматыға өзен сағасын жағалап жасырын өтпекші болған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Алматы облысындағы Іле ауданының 46 жастағы тұрғыны Үлкен Алматы өзенінің сағасын жағалап, Алматы қаласының аумағына жасырын өтіп кетпекші болған, деп жазады ҚазАқпарат.

Алайда, ер адам облыстық полицейлердің көзіне түскен. Заң талабын өрескел бұзған азамат аудандық соттың шешімімен 5 тәулікке қамалды.

Сондай-ақ, Қарасай ауданының тәртіп сақшылары короновирус індетінің алдын алу мақсатында таңертеңгі сағат 6:30-дар шамасында заңсыз шығып кетуге әрекет еткен 25 жастағы азаматшаны ұстады. Аталған дерек бойынша қолданыстағы ӘҚбК 476-бабына сәйкес төтенше жағдай тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

Алдын ала тексеру барысында құқық бұзушы карантин жарияланған аумақтан шығуға тыйым салынғанын біле тұра, жақын маңдағы базардың біріне барып келмек болғанын айтқан. Дегенмен, ол өзінің және айналасындағылардың өміріне қауіп төндіргенін ойламаған болып шықты.

Текелі қаласының тәртіп сақшылары түнгі мезгілде тыныштықты бұзған және еліміздегі төтенше жағдай тәртібін сақтамаған ойын клубының иесіне тиісті хаттама толтырған. Сот шешімімен құқық бұзған кәсіпкер 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Алматы облысының полицейлері тұрғындарды төтенше жағдай тәртібін қатаң сақтауға, індеттің алдын алу мақсатында сақтық шараларын бұзбауға шақырады. Аурудың жаппай таралуын болдырмау үшін жергілікті билік тарапынан қабылданып сақтық шараларына бағыну қажет екенін және ортақ талаптарды бұзудың қатаң жазаланатынын ескертеді.