Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 мың дозасы жеткізілді

0
776

Вакцина 22 қаңтардан бастап қаланың барлық емханаларында халыққа қолжетімді болады.


Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 мың дозасы жеткізілді

ERNUR.KZ. Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 000 дозасы жеткізілді, деп жазады inform.kz

Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлімдеді.

Басқарма мәліметінше, «Спутник Лайт» вакцинасы ревакцинацияға, яғни, толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакциналауға арналған.

Вакцина 22 қаңтардан бастап қаланың барлық емханаларында халыққа қолжетімді болады. Айта кетейік, ревакцинация вакцинаның толық курсынан кейін 6 айдан ерте жүргізілмейді. Спутник Лайт – векторлы вакцина, оның құрамы Спутниктың бірінші компонентіне ұқсас.

«Алматыда ревакцинацияға арналған мынадай вакциналар бар: QazVac, VeroCell және Спутник Лайт. Pfizer препаратымен тиісті контингент, сондай-ақ, 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлері ревакцинация жасай алады», - деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.