Алматылық альпинистер қар басқан тау шыңында қалып қойды

0
119

Ауа- райының қолайсыздығы мен қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеуінен альпинистер тобы базалық лагерьге уақытында түсе алмаған.


Алматылық альпинистер қар басқан тау шыңында қалып қойды

ERNUR.KZ. Алматылық үш альпинист Мұрат Өтебаев, Андрей Корнеев және өкпе қабынуынан қайтыс болған Александр Чечулин «Жеңіс» шыңында қалып қойды, деп жазады ҚазАқпарат.

Жоғалған альпинистердің бірінің қызы Айгүл Матай, олар 6600 метр биіктікте қалып қойды, төмен түсуге ешқандай мүмкіндікетері жоқ деп жазды өзінің Instagram парақшасында.

«Ауа- райының қолайсыздығы мен қажетті құрал-жабдықтардың жетіспеуінен альпинистер тобы базалық лагерьге уақытында түсе алмады. Аман қалған Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев ешкіммен байланыса алмайды», - деп жазды Айгүл.

Оның айтуынша, Қырғызстан ТЖМ құтқарушылар тобы МИ-8 тікұшағымен 6600 метр биіктікке жақын аймақтарды айналып өтті. Алайда, ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылды. Айгүлдің айтуынша, бүгін таңертең ол бір топ альпинистермен бірге Бұрындай әуежайынан Алматыға ұшпақшы. Іздеу шаралары Абалаковтың бағыты бойынша жүргізілетін болады.

«Ауа-райы қолайсыз болғандықтан, құтқару тобын жаяу жіберуге болады. Азаматтық тікұшақтар биіктіктегі шамадан тыс қысымға төтеп бере алмайды. Достар, қазақстандықтар, мұндай жағдайда көмектесулеріңізді сұраймыз!. Біз әр күнімізді оларды тірі екеніне деген үмітпен өткізіп келеміз. Әкемнің жолдастары, олардың аман-есен үйге оралуына көмектесіңіздер. Бізге алтыншы санаттағы тауларға шығу құқығы бар кәсіби альпинистер қажет. Өздеріңізбен бірге төлқұжат немесе жеке куәлік болуы керек. Жол қиын, бірақ үміт бар. Қазіргі уақытта мұздықта альпинистер жоқ. Мен сонымен қатар Қырғызстанның ең тәжірибелі альпинистеріне жүгінемін», - деген қыз өзінің байланыс нөмірін қалдырды: 8 707 615 60 42.

Мұрат Өтепбаевтың альпинизм бойынша 13 жылдық тәжірибесі бар. Альпі Азия командасының жаттықтырушысы, төрт баланың әкесі.

Өз кезегінде ІІМ ТЖК-і іздестіру жұмыстарын ҚР Қорғаныс министрлігімен бірге жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

«Тікұшақтар дайын. Біз ауа-райының жақсаруын күтеміз», - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдай өкілдері.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет