Алматылық бойжеткен ұшып бара жатқан ұшақтың қанатынан жүріп өтті (видео)

0
1 083

Ұшу үшін бойжеткен көп уақыт бойы дайындалған көрінеді.


Алматылық бойжеткен ұшып бара жатқан ұшақтың қанатынан жүріп өтті (видео)

ERNUR.KZ. Алматылық Бекзат Мұқанова wing walking жасаған алғашқы қазақстандық. Ол әуеде ұшып бара жатқанда ұшақтың кабинасынан шығып, лайнердің қанатынан жүріп өтті, деп жазады baq.kz.

«МИР 24» телеарнасына берген сұқбатында ол бұндай экстремалдық әрекетке америкалық бизнесмен Илон Маск шабыттандырғанын айтты. Бұған дейін бизнесмен осындай экстремалдық трюк жасаған болатын. АҚШ-та осындай экстримге үйрететін арнайы академиялар бар. Жыл бойы Мұқанова Штаттарға барып үшін ақша жинаған. Ұшуға дайындалу үшін бойжеткен көп уақыт бойы дайындалған көрінеді.

«Академияға жету квест сияқты болды. Сиэтлдан кемеге отыру керек, кейін автобусқа мініп, әрі қарай таксимен жетесің. 4 сағаттың ішінде Сквим қалашығында боласың», - деді Бекзат.

Бекзаттың айтуынша, оның ата-анасы бұндай экстремалдық әрекетке барудан бас тартуға көндірмек болғанын айтты.

«Олар менің басыма бір ой келсе, оның түбіне жетпей қоймайтынымды біледі. Сосын ақыр соңында маған қолдау көрсетулеріне тура келді. Олар менімен бірге барып, оқуым аяқталғанша сонда болды», - деп атап өтті бойжеткен.

Бұл қазақстандық альпинист қыздың алғашқы экстремалдық серуені емес. Ол былтыр альпинисттер мектебін бітіріп, Эльбруске көтерілген болатын.