Алматылық дәрігерлер науқастың ішегінен жұдырықтай тасты алып шықты

0
492

Науқаста өте сирек кездесетін патология болған.


Алматылық дәрігерлер науқастың ішегінен жұдырықтай тасты алып шықты

ERNUR.KZ. Алматылық дәрігерлер туа біткен патологиясы бар пациентке бірнеше ауыр ота жасап, тік ішекте тұрып қалған алақандай тасты алып тастады. №7 қалалық клиникалық ауруханасының проктологтары мен урологтарынан құралған көп бейінді бригадасы артқы өтістің бітелуі, тік ішектің туа біткен ақауы - өте сирек кездесетін патологиясы бар 33 жастағы науқасқа бірнеше хирургиялық отаны сәтті жасады. Бұл кең ауқымдағы бірегей және өте қиын операция саналады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Науқас №7 қалалық ауруханаға түскен кезде, клиниканың білікті бейінді мамандарының, оның ішінде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас хирургі профессор Е.А. Қуандықовтың қатысуымен консилиум өткізілді. Диагноз анықталды: артқы өтістің туа біткен бітеулігі. Тік ішектің шырышты қабығының түсіп кетуі. Ағзаның өз орнынан басқа жерге ауысуы. Тік ішек бөлігіндегі үлкен көлемді тығыз консистенциялы тас түйіршіктердің пайда болуы (15-тен 13-ке дейін).

«Операция алдындағы дайындықтан кейін біз уролог-әріптестерімізбен және анестезиологтармен бірге пациентті операцияға қабылдадық: уретропластика, қайта қарау. Параллельді түрде төменгі ампулярлы құрылымның комиссурасын бөлшектеу. Тас шығару. Тік ішек ақауын жөндеу. Тік ішектің пролапсты шырышты қабығынан артық шырышты шеңбер түрінде кесіп, сфинктеропластика жасадық. Бұл кезде уретральды жыланкөзді жергілікті сылу, адгезиялық процестің диссекциясы жасалды және тік ішектен тас алынды. Орын алған техникалық қиындықтарға қарамастан, шамамен 5 сағатқа созылған операция сәтті өтті. Науқас оңалту кезеңінде. Болашақта жамбас қабатының, анальды сфинктердің бұлшық еттерін нығайтумен айналысу керек» , – деді №7ҚКА колопроктология бөлімінің меңгерушісі Марат Қаленбаев.

Бұл хирургиялық араласудың бірегейлігі мен күрделілігі қуықта тас жиналуында емес, тыртық тарылған тік ішекте тас түзілуінен тұрады. Проктологиялық және урологиялық мамандандырылған операциялардың үлкен көлемі бір мезгілде сәтті жасалды. Шебер орындалған күрделі аралас операция нәтижесінде науқастың тік ішек жыланкөзі жойылды, бұл кезеңде анальды каналдан шырыш бөлінбейді, тәуелсіз зәр шығару қалпына келтірілді.

«Аурудың анамнезінен пациенттің артқы өтістің туа біткен бітеулігіне (тік ішек), 3-дәрежелі артқы өтіс сфинктердің жеткіліксіздігіне байланысты мүгедектігі бар, оның артқы тесік сфинктері туғаннан бері жұмыс істемейді. Бала кезінде екі рет проктопластика жасалды. Анальды сфинктердің болмауына байланысты дәрігерлер іштің алдыңғы қабырғасына циклдік сигмостома шығарды. Кейіннен ішекте жыланкөз пайда болды, ол алынып тасталды, бірақ ол қайталап шығады. Науқастың жағдайы қатты нашарлаған, аурудың асқынуы салдарынан зәр тоқтамау, ішектің құрамы, шырыштың үнемі бөлінуі, қуықтың ауырсынуы пайда болған. Науқас зәрді тік ішек арқылы және ішінара қуық арқылы шығарды. Тұрғылықты мекенжайы бойынша проктолог пен урологтың «Д» есебінде тұрады. Интимдік өмір зардап шекті. 33 жасында ол үйлену және отбасын құру туралы армандай алмады. Науқас атап өткендей, ол көптеген клиникаларға медициналық көмекке жүгінген, дәрігерлер оның дертін өте ауыр және күрделі деп бағалап, нақты көмек бере алмаған. Кәсіби көмек алу үмітімен Алматы қаласының №7 ҚКА-ға келді», - деді аурухананың баспасөз қызметі.

Үлкен тасты науқас жұтпаған. Тас бүйрекке ғана емес, ішекке де жиналған. Науқас Алматы қаласының №7қалалық клинкалық ауруханасының дәрігерлеріне жоғары кәсіби деңгейі үшін шын жүректен алғысын білдірді:

«Мен дертімнің өте күрделі және ауыр екенін жақсы түсіндім. Бұрын мен әртүрлі клиникаларға, әртүрлі дәрігерлерге қаралдым. Барлығы бәрі өте қиын екенін айтты, көпшілігі операциядан бас тартты. Мен үшін батырлар- Алматы қаласының 7 клиникалық ауруханасының дәрігерлері. Менің ойымша, мұнда емдеу процесі жолға қойылған. Мен операцияға келіскенде, әрине, іштей алаңдаушылық болды, бірақ бұндай күйде өмір сүруді жалғастыру өте қиын әрі мүмкін емес…. Ал енді мен медицинаның бір орында тұрмайтынына, заманауи технологиялар мен кәсіби дәрігерлердің арқасында дамуда әлдеқайда алға озғанына сенімдімін. Барлық дәрігерлер мен мейірбикелерге алғысымды бірдіремін», - деді ауруынан айыққан науқас.