Алматылық оқушылар жаңа оқу жылында аптасына алты күн оқиды

0
375

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі алты күндік оқу аптасын енгізуді әр мектеп өзі шешетінін хабарлаған еді.


Алматылық оқушылар жаңа оқу жылында аптасына алты күн оқиды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Жаңа оқу жылында алматылық мектептер алты күндік оқыту аптасына көшеді, деп жазады aikyn.kz.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі алты күндік оқу аптасын енгізуді әр мектеп өзі шешетінін хабарлаған еді.

Осы ретте Алматы мектептерінің басым көпшілігі аталған форматта білім беретіні белгілі болды. Одан бөлек, оңтүстік астана билігі қаладағы мектептерде дезинфекциялық құралдар мен антисептиктер жеткілікті екенін мәлімдеді.

Шенеуніктердің дерегінше, жаңа оқу жылында 300 мыңнан астам кәмелет жасына толмаған бала мектепте білім алады. Оның 30 мыңнан астамы – бірінші сынып оқушылары.

Дәстүрлі оқыту форматына ауыстыру аясында мұғалімдердің бәрі – 32 мыңнан астам педагог коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Тек 4,5 мың адамда ғана медициналық қарсы көрсетілімі бар болып шықты.