Алматылық жасөспірімнің идеясын әлемнің 450 волонтері қолдады

0
348

Ильяның идеясын іске асыруға ниеті бір жастар көмектескен.


Алматылық жасөспірімнің идеясын әлемнің 450 волонтері қолдады

ERNUR.KZ. 16 жастағы алматылық Илья Кан ағылшын тілін тегін оқытатын жоба дайындады. Ол медицина қызметкерлерінің балаларын оқытуға арналған. Ильяның идеясын әлем бойынша 450 волонтер қолдаған, деп жазады Тengrinews.kz.


Ильяның айтуынша, мұндай идея өзі екі апталық карантин кезінде ауруханада жатқанда туған.

"Ауруханада Ақмарал есімді медбикемен жақсы тіл табысып кеттік. Ол маған баласы бар екенін және оның ағылшын тілін үйренгенін қалайтынын жиі айтатын. Бірақ өзі жұмыста болғандықтан, оған көмектесе алмайды. Керек материалдар, керек ресурстарды тауып беру керек. Сондықтан біз студент ретінде дәрігерлерге алғысымызды осылай білдіре аламыз деп ойладым", - дейді Teaching for heroes жобасының авторы.

Ильяның идеясын іске асыруға ниеті бір жастар көмектескен. Әлем бойынша 450 волонтер жобаға қатысуға келіскен. Олардың бәрі ағылшын тілін жетік меңгерген және тіл деңгейін растайтын IELTS және TOEFL сертификаттары бар.
Онлайн-курсқа мыңдаған бала жазылған.
Ағылшын тілінің тегін курсына тек медицина қызметкерлерінің 8-16 жас аралығындағы балалары қатыса алады. Ол үшін ұйымның teachingforheroes.com және bolashak.gov.kz сайттарында өтінім толтыру керек.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет